22 Желт 2023
Страницы КГУ «Малокомплектная общеобразовательная средняя школа №60 имени Жамбыла» отдела развития человеческого потенциала Келесского района управления развития человеческого потенциала Туркестанской области

Мектеп тарихы

Мектеп  туралы  қысқаша  мәлімет

Біздің  мектептің  іргетасы  ең  алғаш  1988  жылы,  80  оқушыға  арналып  салынды.Ол  кезде  Ташкент  облысы, Шыназ  ауданы   №41  Жамбыл  атындағы  8  жылдық  мектеп болды.

1993 жылы  осы  аймақтың  Қазақстанға  қайтарылуына  байланысты, Келес  ауданы  №56  Жамбыл  атындағы  негізгі  мектеп  болды.

1997 жылы  Сарыағаш  ауданы  №130  Жамбыл  атындағы  негізгі  мектепке  айналдырылды.

2008  жылы  №130  Жамбыл  атындағы  шағын  жинақты  негізгі  орта  мектеп  болды.

2018  жыл  Келес  ауданы « №60 Жамбыл  атындағы  шағын  жинақты   негізгі  орта  мектеп»  болып өзгертілді.

2019  жылы  Келес  ауданы « №60 Жамбыл  атындағы  шағын  жинақты   жалпы  орта  мектеп»  болып өзгертілді.

Қазіргі  таңда  директоры   Адеев  Азатхан  Махмутбекович.  01.12  1983  жылы  Шыназ  ауданы, Бозай  ауылында  дүниеге  келген.1991  жылы  №31 В.Л.Ильич  атындағы  мектепке  1-сыныпқа  барды.2000   жылы  №54 Б.Момышұлы  атындағы  жалпы  орта   мектебін  бітіріп  шықты.2001  жылы  ОҚПУ  университетіне  тарих, география   пәні  мұғалімі  мамандығына  түсіп, 2005  жылы  бітіріп  шықты.2005  жылы  осы  мектепке  тәлімгер  қызметіне  қабылданды.2008  жылдан бастап, ДТІЖО   болып  жұмыс  істеді.28.09.2020  жылдан  мектеп  директоры  болып  тағайындалды.

Мектепте қазіргі  таңда  133  оқушы  оқиды, 32  мұғалім, 14  кіші  қызметкер  жұмыс  жасйды. 

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар